500 мұғалім санат көтеру сертификатын сатып алды деген күдікке ілінді

325

Түркістан облысынада 500-ге жуық ұстаз санат көтеру сертификатын сатып алды деген күдікке ілінді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Қазіргі уақытта құзырлы органдар сертификаттарды тексеріп жатыр.

Әлеуметтік желіде Түркістан облысында ұстаздардың санатын көтеруге арналған сертификаттардың сатылатындығы жайында ақпарат тараған болатын. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мұндай деректің болғанын растады.

"Өкінішке қарай, сондай деректер анықталды. Біз барынша ашықтық саясатын ұстанып отырыз. Әлеуметтік желіде болып жатқан мәселелерді жіті қадағалаймыз. Ресми түрде құзыретті органдарға тергеу амалдарын жүргізу үшін сол сертификаттардың барлығын жолдадық. Қазіргі таңда біз құзырлы органдар анық-қанығын айтып береді деп үміттеніп отырмыз. Ондай адамдардың жалған диплом, жалған сертификаттармен білім ошақтарында жұмыс істеуіне моралдық құқығы жоқ деп есептеймін",- деді Дінислам Болатханұлы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.