Тұрғын көпбалалы әйел ретінде тіркеліп заңсыз зейнетақы алып келген
Павлодар облысының тұрғыны 10 жылдан астам заңсыз зейнетақы төлемдерін алып келген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңсыз алынған зейнетақы сомасын өндіру туралы талап-арызбен сотқа жүгінді.
Іс әйелдің бірінші сатыдағы сот шешіміне шағымдануы нәтижесінде туындаған, ол талап арызды ішінара қанағаттандырған.
Азамат С.-ның 2013 жылдың қыркүйек айында зейнеткерлік жасқа (58 жас) жеткені анықталды. Алайда 2009 жылдың шілде айынан бастап ол көпбалалы ана болмаса да заңсыз зейнетақы төлемдерін алған.
Еңбек министрлігі көп балалы ана ретінде әйелдің зейнетақы тағайындау кезінде ұсынған жалған құжаттары салдарынан заңсыз алған зейнетақысын өндіріп алу туралы сотқа шағым түсірді.
Апелляциялық шағымда жауапкер сот шешімінің күшін жойып, талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.
Әйел жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау құқығын 2019 жылдың маусым айында ғана рәсімдеген. Сондықтан ол белгіленген мерзімге дейін алған қаражатын қайтаруы тиіс.
Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық шешімді өзгеріссіз қалдырды, ал жауапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады.
Алқаның қаулысы күшіне енді.