ҰҚК басшысының орынбасарына «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айып тағылды

2 026

Фото: nur.kzШымкент қаласы ҰҚК басшысының орынбасары Манат Сарбасовқа «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айып тағылды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің телеграм-каналында хабарлады. 


"Іс үш эпизодты қамтиды: біріншісі қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховқа қатысты; екіншісі - пара алғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған Шымкент қалалық Ұлттық қауіпсіздік департаментінің бұрынғы тергеушісі Ержан Масақбаевпен; үшінші оқиға – Шымкенттегі білім саласының шенеуніктерінен пара алу",- деп жазды парақшада. 


Әзірге ресми түсініктемелер болған жоқ. Естеріңізге сала кетсек, бұл қызметіне дейін Манат Сарбасов Қызылорда облысында ҰҚК басшысының орынбасары қызметін атқарған болатын.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.