Тоқаев Қарулы Күштердің, ІІМ мен ҰҚК жұмысын қайта құруды тапсырды

371

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында азаматтарды, конституциялық құрылымды кез келген қауіптен қорғау үшін ұлттық қауіпсіздік жүйесін толық өзгерту керек екенін айтты,-  деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысы Қарулы күштер, Құқық қорғау органдары, Ұлттық қаупсіздіқ қызметі, Сыртқы барлау қызметі жұмысын жүйелеп, оларға жағдай жасау үшін жалақысын арттыруды тапсырды. 

"Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның арнайы жасақтарының санын көбейту, жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру, қажетті арнайы көліктермен жабдықтау, барлық құқық қорғау органдарының арнайы жасақтары қызметкерлерінің жалақысын көтеру керек", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында полиция қызметкерлерінің құқығын қорғау деңгейін көтеру мәселесін көтерді. 

"Полицейлердің құқығын қорғау деңгейін көтеру керек және билік өкілдеріне жасалған шабуыл үшін сондай-ақ заңға бағынбайтындар үшін жауапкершілікті күшейту қажет. Әскердің даярлығын да да күш салған жөн. Ол үшін тез арада арнайы операция үшін әскери күш құрылымын жасақтау қажет. Шекаралық қызмет құзыретін қайта қарап, реформа жүргізу керек. Тағы маңызды өзгеріс ішкі, әскери, қаржы қауымдастықтарының қызметін толықтай қайта қарау. Қорғаныс күштері органдарының қызметін жетілдіретін уақыт жетті", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында.