Пралиева елордада демалыс күндері істейтін нысандарға кіру тәртібін түсіндірді
386
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева демалыс күндері істейтін нысадарға кіру тәртібін түсіндерді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"28 тамыздан бастап Ashyq бойынша жұмыс істейтін нысандар демалыс күндері жұмыс істейтін болды. Осылайша, мекемелер түн ортасына дейін, ал "Ashyq көшбасшыларына" түнгі екіге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Осы орайда талапқа сәйкес, нысанға тек "жасыл" мәртебелі қызметкерлер мен келушілер кіреді. Яғни, вакцина алған, теріс нәтижелі ПТР тесті бар, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 айда коронавируспен ауырған адамдар үшін берілген "жасыл мәртебеге" енгендер кіреді. Нысандарға тек "жасыл мәртебе" иелерін кіргізу туралы талап сенбі, жексенбі күндері ғана болады. Ал жұмыс күндері "жасыл" және "көк мәртебесі" бар адамдар бұрынғыдай қала бойынша еркін жүре алады", – деді Жанна Пралиева.
Оның айтуынша, демалыс күндері "көк мәртебесі" бар адамдарға қойылған шектеулерге қарамастан, облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдарға, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол вокзалдарына, білім беру объектілеріне, жоғары оқу орындары мен колледждерге, интернаттарға және білім беру ұйымдарының жатақханаларына жол беріледі.
"Бұл шаралар коронавирустық инфекцияның халық арасында таралу және жұқтыру қаупін болдырмау үшін қабылданды, сонымен қоса, мекемелерде "жасыл мәртебесі" бар келушілер өздерін қауіпсіз сезіну үшін. Халықтың көп бөлігі вакцина алмайынша, пандемия аяқталмайтынын жұрт түсіну керек. Бұл бізге бұрынғы және қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік береді", – деді ол.