Қазалы ауданың полиция бөлімі отбасындағы тәрбие тақырыбында қарқынды жұмыс жасауда
Қазалы ауданында «Отбасын қолдау орталығы» ашылып, «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына» сәйкес қызмет атқаруда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қазалы аудандық полиция бөлімі мәлімдеме жасады.
Қазалы аудандық полиция бөлімі отбасындағы тәрбие тақырыбында қарқынды жұмыс жүргізіп жатқанын айта кеткен жөн. Бұл жұмыс отбасы мен қоғамдағы тәртіпті нығайту, балалардың құқықтарын қорғау және ата-аналардың тәрбие міндеттерін орындауға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылуда.
Полиция қызметкерлері мектептерде, балабақшаларда және қоғамдық орындарда ата-аналармен кездесулер ұйымдастырып, тәрбие мәселелерінде олардың жауапкершілігін арттыру бойынша кеңестер беруде. Оған ата-аналардың балаларына қолайлы жағдай жасау, олардың қауіпсіздігі мен тәрбиесі туралы ақпарат беру кіреді.
Полиция бөлімінің қызметкерлері балалар мен жасөспірімдер арасында заңды бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мектептерде дәрістер, тренингтер және лекциялар өткізеді. Бұл шаралардың басты мақсаты — балаларды құқықтық сауаттылыққа үйрету және оларға заңды бұзудың салдары туралы түсіндіруде.
Қазалы аудандық полиция бөлімі отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы күреске ерекше назар аударып, бұл мәселе бойынша арнайы шаралар жүргізеді. Заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін полиция қызметкерлері отбасылық жанжалдарды болдырмау және құқықбұзушыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар атқарады.
Отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шегетіндердің басым көпшілігі қоғамның әлсіз топтары әйелдер мен балалар, қарттар. Әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында 15.04.2024 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, ауданымызда «Отбасын қолдау орталығы» ашылып, «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына» сәйкес қызмет атқаруда.
Отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресте аудандық полиция бөлімімен біршама жұмыстар атқарылды. Ағымдағы жыл басынан отбасы жанжалы бойынша 141 хабарлама түсіпп 141 азамат қорғау нұсқамасы санатымен, 19 азамат «ерекше талап» санатымен бөлімнің профилактикалық есебіне алынды. Профилактикалық есепке алудың маңыздылығы құқық бұзушы тұлға учаскелік полиция инспекторымен аптасына кемінде бір рет тексеріліп, қылмыстың алдын алу бағытында әңгімелесу жүргізіледі, яғни құқық бұзушы бақылауда болады. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобымен есепке алынушы тұлғалар тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріліп, бақылау жүргізілуде. Дені сау ұрпақ тәрбиелеп, жарасымды жанұя болу отбасында үлгілі тәрбие беруді қажет етеді. Ал зорлық-зомбылық әрекеті үйдің берекесін қашырып, балалардың психологиялық санасына кері әсер ететіні анық. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес ешқашан тоқтамайтын процесс. Бұл ретте 102 арнасы әрдайым байланыста.
Қазалы аудандық полиция бөлімінің бұл бағыттағы жұмыстары отбасындағы тәрбие мен қоғамдағы жалпы тәртіпті жақсартуға, жастардың дұрыс жолмен жүруіне және отбасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосуда.