Үкімет басшысы әкімдермен кездесті
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі үйлестіру штабын өткізді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Үкімет басшысы проблемалық мәселелерді жедел шешу үшін министрліктер, әкімдіктер мен ұлттық компаниялар арасындағы үйлестіруді күшейтудің маңызын атап өтті. Осы орайда Премьер-Министр әкімдіктер жергілікті жерлердегі проблемалар туралы Үкіметке толық ақпарат бере бермейтінін атап өтті.
Сонымен қатар Үкімет басшысы белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдын алу шараларын қабылдап, мәселелерді уақытылы шешу қттігін айтты.
Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев өз сөзінде күн сайын халықтың жарияланымдары, шағымдары мен өтініштерінің дайджесті жасалатынын, ал аса өзекті мәселелер жедел және проактивті түрде шешу үшін Тәуекелдер картасына енгізілетінін атап өтті.
Оған қоса Үкімет Аппараты азаматтардан келіп түскен өтініштерге талдау жүргізеді. Бұл ретте өтініштердің қаралуын бақылау күшейтілді.
Премьер-Министр Үйлестіру штабының отырыстарында өңірлер мен орталық мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын талап ететін мәселелер үнемі көтеріліп отыратынын атап өтті. Сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасарлары көтерілетін мәселелерді апта сайын өз деңгейінде қарайтын болады.