"53 жасқа толған, 5 баласы бар әйел зейнетке ерте шыға алады" - Тамара Дүйсенова

250
Министр Тамара Дүйсенова бүгінде аналар зейнетке ерте шыға алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Еске сала кетсек, кеше Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов әр туған бала үшін әйелдердің зейнет жасын 2 жылға қысқартуды ұсынған болатын.

Тамара Дүйсенова бүгінде аналар зейнетке ерте шыға алатынын атап өтті. Мұндай норма заңда бар.

Бүгінгі қолданыстағы заңда 53 жасқа толған, 5 баласы бар әйел зейнетке ерте шыға алады. Бізде ана жұмыс істемегеннің өзінде, алайда 4-тен артық баласы болса, онда оған 12 жыл еңбек өтілін мемлекет береді, - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Алайда әйелдердің зейнет жасы әр бала туған сайын қысқарса, олар өте төмен зейнетақы алуы мүмкін.

Енді Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың ұсынысына тоқталайын. Бүгінде елімізде зейнетақы еңбек өтілі мен табысына қарай есептеледі. Ол заңда жазылған. Бұл – мемлекеттен берілетін зейнетақы. 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі болмаса, олардың балалары көп болғанына қарамастан (еңбек өтілі, – автор) есептелмейді. Сондықтан жоғарыдағы мәселе азаматтардың жинақтаушы қорындағы қаражатының көп болуына байланысты. Егер жинақтаушы қорында қаражат болмаса, еңбек өтілі болмаса, зейнетақы да өте төмен болады, - деп сөзін түйіндеді Тамара Дүйсенова.

Ведомство басшысы бұл мәселе әлі талқыланатынын атап өтті.