Қызылордада полицей күйеуінен жәбір көрген жүкті әйел 3-ші қабаттан секірді

2 810
"НеМолчиKZ" қорының белсенділері Қызылорда Полиция департаменті қызметкерін әйелін соққыға жыққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етуде, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


4 қараша күні таң ата жүкті әйелін соққыға жыққан полицей күйеудің кесірінен бүгінде Аруна жүктілігін тоқтатуға мәжбүр. Ол аздық еткендей денесінің жарты бөлігін сезбейтіндігін атап өткен болатын. Осы орайда полицей күйеубалам заң бойынша жауапқа тартылсын деген Арунаның анасы Мемлекет басшысынан араша сұрауда. Бұл туралы жәбірленуші әйел күйеуінің озбырлық көргендігін айтып, тіпті банкамен басынан ұрып, тұншықтырғанын бейнежазбада атап өтті.
 
Күйеуім мені мүгедек етті. Аяғым толық жұмыс істемейді, омыртқам зақымдалған. Бұл кісі өлтіру әрекеті болды. Ол мені өлтіргісі келді. Үйден шыға алмадым, бірақ ол барлық кілті алып кетті, терезеден секіруге мәжбүр болдым, - дейді ол үндеуінде.



Анасының айтуынша, күйеуінен қашпақ болған келіншек пәтерінің терезесінен сыртқа құлап кеткен.


Күйеу балам бұрындары да қол жұмсаған. Осының салдарынан заңды түрде ажырасқан. Бірақ кешірім сұрап алып кететін. Қазірде жалдамалы пәтерде тұрады. Енді немерем өзімде қызым ауруханада, ал күйеубалам әлі күнге дейін қызметте. Арунамды соққыға жыққан полицей күйеуі  жауапқа тартылмай қалады ма деп қорқамын- деді анасы Назым Төлеген.

 
Ал,  НеМолчи қорының басшысы
Дина Таңсәрі өзінің парақшасында:

Ол - зейнеткерлікке шыққан полиция полковнигінің ұлы. Ол жазасыз қала ма деп қорқамыз, ол әйелді мүгедек етіп, іссапарға тыныш кетіп қалды. Біз полиция қатарында зорлаушылардың, басқыншылардың жұмыс істеуіне қарсымыз! Біз адвокаттар қауымдастығына жүгінеміз, бізге көмек керек. Қыздың құқығын қорғау қажет! Осы қарапайым отбасын қолдауды сұраймыз, олар Шиелі ауылынан, байланысы мен қаражаты жоқ қарапайым адамдар, - деген жазба қалдырған.

 
Қызылорда облысы Полиция департаменті өкілдері осы дерек бойынша ПД Жеке қауіпсіздік басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.


Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар, қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Іс басшылықтың бақылауында, - деді құзырлы мекеме қызметкерлері.


 
Аруна әлі күнге дейін облыстық ауруханада емін алып жатыр. Алған соққылардың қатты болғаны соншалық келіншектің ішіндегі 7-8 апта болған сәбиі шетінеп кетті.