Қызылордада мектеп-интернат басшысы жауапқа тартылды

1 916

Фото: Газиз ШакировҚызылорда облысында мектеп-интернат басшысы жауапқа тартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Адам құқығы жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі №6 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатта болды. Аталған мекемеде бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, уәкілдің өңірдегі өкілі тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс хаттар жолдады.


Аталған бұзушылықтарға жол берген мектеп-интернаттың басшысы және 6 қызметкері ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.


Сонымен қатар, Қызылорда қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы да мекемеге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасап, айыппұл салды.


Қазір анықталған кемшіліктер толығымен жойылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.