Интернет арқылы көпбалалы әкеге ғашық болған әйел 90 млн теңгесін аударған
1 207
Интернет арқылы танысып, ғашық болған әйел алаяқ сүйіктісіне қомақты қаржы аударды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы сотының мәліметінше, екеуі әлеуметтік желіде танысқан. Ер адам жаңа танысын бірден ұнатып қалғанына сендірді. Ал өзін зауыт директоры ретінде таныстырды. Бірақ кәсіпорын банкроттық сатыда тұрғанын айтты. Сосын жақын туыстарының қайтыс болғанын хабарлап, ақшаға қатты мұқтаж екенін жеткізді. Әйел оған сеніп қалған. Сөйтіп, сүйіктісі ақшаны сұраған сайын онлайн-банкинг арқылы аударып отырды. Барлығы 91,6 миллион теңге жіберген.
Алаяқ ұсталды. Ер адам бес баланың әкесі болып шықты. Соттың шешімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушінің пайдасына 91 миллион теңгеден астам ақша өндірілді.
Сотталған ер адам апелляциялық шағым да түсірген. Сол кезде кәмелетке толмаған 5 баланың бар екенін, зайыбының жұмыс істемейтінін, сондай-ақ денсаулық жағдайын ескеріп, жазаны жеңілдетуді сұрады. Бірақ сот үкімі өзгеріссіз қалды.