Ер адам балаларының көзінше әйелін аяусыз тепкінің астына алған

1 596

Фото: видеодан скриншотЕр адамның әйеліне шабуыл жасаған сәті көпқабатты тұрғын үйдегі бейнекамераға түсіп қалған. Аталған оқиғаға қатысты Маңғыстау облысы полиция басқармасы пікір білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.


Видеодан еркектің әйелінің қолын бұрып, ауызын жауып жатқанын көруге болады. Олардың жанында екі кішкентай бала бар. Ер адам жақын маңда бөтен адамдардың жоқтығына көз жеткізу үшін әйелді босатып, есікті ашып, жан-жағын барлайды. Сөйтіп ойға алғанын жалғастырмақ болады. 


Видеода ерлі-зайыптылардың жанынан тұрғындардың бірі өтеді. Видеодан әйел мен балалардың шыңғырып, жылаған даусы естіледі. 


Ер адам әйелді лифтке күштеп кіргізіп, шашынан тартып, жұлқылайды. Осы сәтте тағы бір тұрғын келіп қалып, әйел ер адамды қуып жібереді. 


Облыстық полиция департаменті ер адамның іздестіріліп жатқанын мәлімдеді. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.