Үй тапсырмасын орындамаған қызды анасы пышақтап тастады

1 463

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Halyq UniСолтүстік Қазақстан облысында әйел 11 жастағы қызын пышақтап тастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алдын ала болжам бойынша, анасы 11 жастағы қызына пышақты үй тапсырмасын орындамағаны үшін сұғып алған. Бала облыс орталығындағы ауруханаға жатқызылып, кейін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Қыздың жағдайы ауыр. Қылмыстық іс қозғалды. Комиссия құрылып, сараптамалар жүргізіліп жатыр. Іс Солтүстік Қазақстан облысы бойынша облыстық комиссардың бақылауында, - деп жазды Динара Зәкиева.

Оның айтуынша, өз анасының қолынан зардап шеккен қыз үйдегі 6 баланың бірі екен. Бәрі бір шаңырақтың астында ата-әжелерімен бірге тұрады.

Қазір мәселенің мән-жайын Бала құқығы жөніндегі уәкіл өзінің жеке бақылауына алған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.