Әйелін шәйнекпен ұрып, есінен тандырды

1 516

@ Александр УткинШизофренияға шалдыққан Екібастұз тұрғыны әйелін шәйнекпен ұрған. Салдарынан әйел ми жарақатын алған, - деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Екібастұз тұрғыны 90-жылдардың басынан есепте тұрған көрінеді.

Өткен жылдың қыркүйек айында әйел жұмыстан келгенде, ішімдік ұрттап алған ер адам қызғанып, ұрсыса бастаған. Сосын шәйнекті алып, басынан екі рет соққан. Әйел есінен танып құлаған, сосын ауруханаға жеткізілген.

Екібастұздық тұрғынға қатысты денсаулыққа қасақана орташа дәрежелі зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс ашылды, сот тыңдаулары ұзаққа созылмады.

"Жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалсын", - делінген Екібастұз қалалық сотының қаулысында.

Айта кетері, жапа шегуші ер адаммен 35 жылдан астам уақыт бірге тұрған. Сотта ол оны өмір бойына емдеуге жіберуді сұрады. Айыпталушының қамқоршысы саналатын қызы да бұған қарсы болмады. Ол әкесі анасын үнемі соққыға жығатынын айтты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.