"ПЕТРОҚАЗАҚСТАН ҚҰМКӨЛ РЕСОРСИЗ" АҚ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ҚАЙТА НАРАЗЫЛЫҚ БІЛДІРУДЕ
2 367
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның басшылығы әлі күнге дейін жалақы көтеру мәселесін қолға алмады,- деп наразылық білдірген жұмысшылар бүгін кезекті вахтаға кетер алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына видео үндеу жолдады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізге сала кетсек Қызылордалық жұмысшылар наразылық білдірді атты мақаламызда ПетроҚазақстан Ресорсиз АҚ- ның жұмысшылары жалақыны 50%-ға көтеруін талап еткен болатын. Алайда, вахталық қызметтегі жұмысшыларға жалақы мәселесін күнтізбелік тәртіпте тез арада шешіп беруін басты талап етуде. Осы орайда,
Жұмысшылардың жағдайына назар аударып, басшылық тараптан тіл қатсын дегенімізде мекеме қараулы басшылықтың жоқ екендігін мәлімдеген болатын. Алайда, кеңсе ішінен шыққан Басқарма төрағасының еңбек ресурстары жөніндегі орынбасары:
Жұмысшылар жалақы мәселесін көтеріп, Алматы қаласына да ат басын бұрып, барғандығы белгілі болды. Басшылықтың әзірге нақты шешім қабылдамағандығын атап өткен, наразы топ әкімшіліктің жергілікті өкілдерін де шақыртып, егер мәселе шешілмесе, әкімдік пен президентке жүгінетіндігін де атап өтті.
Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқарма басшысының орынбасары:
Жұмысшылар кезекті вахталық қызметін атқаруға жолға шықты. Алайда, бар үмітін әкімдік пен облыстық еңбек саласындағы басшылығына артып кетті. Жұмысшылардың басым бөлігі, егер мәселеміз өз шешімін таппаса, келесі жолы басқа да жолдарын шарасыздықтан қарастыруға тура келетіндігін атап өтті. Әлеуметтік әріптестік келіссөздерін жүргізуге «ПетроҚазақстан Ресорсиз» АҚ-ның басшысының келуін күтуде. Алдағы уақытта жұмысшылардың мәселесі біздің жіті бақылауымызда болады.
Айгерім РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

«6 жыл бойы ешқандай жұмыс тоқталтылмады. Ал, жұмысшылар адал еңбек етуде. Бізге 15%-дың керегі жоқ. Вахталық жұмысшылардың жалақысын 50%-ға көтеруін талап етудеміз. Батыстағы әріптестеріміз бізден 1,5 есе көп алады. Біз далалық жерде -50, +50 С-да қызмет жасап жатқанымызды ескеру қажет»,- деді 4 разряд операторы Айтмағанбет Жаңабаев.
Жұмысшылардың жағдайына назар аударып, басшылық тараптан тіл қатсын дегенімізде мекеме қараулы басшылықтың жоқ екендігін мәлімдеген болатын. Алайда, кеңсе ішінен шыққан Басқарма төрағасының еңбек ресурстары жөніндегі орынбасары:
«Біз жұмысшыларымызбен өзара келіскен болатынбыз алдағы аптада кен орнына бірінші басшы Ян Минюй барып, кездесетіндігі жайында. Мен жалақы мәселесін түбегейлі шешіп бере алмаймын. Оны басшылық шешеді. Ал, жұмысшылардың наразылығы қарастырылуда. Сонда да , жұмыс беруші жалақыны 30%-ға көтеруге ұсыныс беріп отыр. Біз әрбір жұмысшыға өзінің жалақы мөлшерін көрсетіп және 30%-ды көрсетіп, хат жолдадық», - деді Сулфия Даминова.
Жұмысшылар жалақы мәселесін көтеріп, Алматы қаласына да ат басын бұрып, барғандығы белгілі болды. Басшылықтың әзірге нақты шешім қабылдамағандығын атап өткен, наразы топ әкімшіліктің жергілікті өкілдерін де шақыртып, егер мәселе шешілмесе, әкімдік пен президентке жүгінетіндігін де атап өтті.
Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқарма басшысының орынбасары:
«ПетроҚазақстан Ресорсиз» АҚ –ның жұмысшыларының көтерген мәселесін үш жақты комиссияға қарастырылуға беріліп жатыр. Яғни жұмыс беруші, кәсіподақ, әкімшілік болып келіссөздер жүргізілмек.», - деді Шалбаева Тумар Балтабаевна.