Түркістан облысында үй өртеніп, екі кішкентай бала көз жұмды

263


Түркістан облысында жеке үй өртеніп, 2007 және 2009 жылдары туған екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Отырар" арнасына сілтеме жасап. 


Қайғылы оқиға Сауран ауданы Бабайқорған ауылында болған. Ауданы 255 шаршы метр болатын екіқабатты үй өртенген. 


Өрттің салдарынан ауданы 60 шаршы метр болатын бірінші қабаттың жабыны опырылып түскен. 



"Оқиға орнынан 2007 және 2009 жылдары туған екі баланың мәйіті табылды", - деп хабарланды Түркістан облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.