Әкімдік істемейтін мобильдік қосымша үшін 12 млн-ға жуық қаржы бөлген

76

Қостанай қаласының әкімдігі жұмыс істемейтін Smart Qostanai мобильдік қосымшасы үшін 12 млн теңгеге жуық қаржы бөлген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мемлекеттік сатып алу сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Қостанай әкімдігі Smart Qostanai мобильдік қосымшасын сүйемелдеу және дамыту бойынша «Прогресс ТК» ЖШС-мен шарт жасасқан.


Келісім шарт құны – 11 928 892 теңге.


Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес, шарт жасасқан компания Smart Qostanai мобильдік қосымшасының үздіксіз жұмыс істеуіне жауапты, сонымен қатар App Store, Google Play және APP Gallery-де жүктеу үшін қосымшаны жариялауы қажет.


Тапсырыстың орындалу мерзімі 2023 жылдың наурыз-желтоқсан айлары деп көрсетілген.


Алайда аталған смарт қосымша App Store қосымшасында орнатылмағандықтан, оны телефонға жүктеу әлі мүмкін емес. Ал Google Play арқылы жүктелген бағдарлама әзірге жұмыс істемейді.


Айта кетелік, Smart Qostanai мобильді қосымшасы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалған. Қолданба Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін қалалық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға негізделген.


Мұндай қосымшалар Қазақстанның Алматы мен Астана қалаларында да іске қосылған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.