Жалағаш ауданында «АЭС технологиялардың қауіпсіздігі мен артықшылығы» тақырыбында кездесу өтті
Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында «АЭС технологиялардың қауіпсіздігі мен артықшылығы» тақырыбында сала қызметкерлерімен кездесу өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында энергетика мәселесін шешудің маңыздылығын айрықшалап айтып кетті.
Болашақта атом энергетикасын дамытудың бірнеше елеулі артықшылығы бар екенін де ескеру қажет. АЭС елді энергиямен қамтамасыз ету көздерін әртараптандыруға, көмір мен газға тәуелділікті азайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ атмосфераға парниктік газ шығарындыларын азайтатын экологиялық таза энергия көзіне жатады. Атом энергиясы энергиямен қамтамасыз етудің тұрақтылығына да жауап береді. Өйткені АЭС үздіксіз жұмыс істейді әрі ауа райы жағдайына тәуелді емес. Заманауи технологияларды енгізу АЭС-тің жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Атом энергетикасы еліміздің технологиялық дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді. Сонымен қатар АЭС-тің жұмыс істеуі олар орналасқан аймақтардың экономикалық өсуіне тікелей байланысты. Заманауи АЭС энергия тиімділігін арттырып, смарт-желілік жүйелерге біріктірілуі де мүмкін. Атом энергетикасы импорттық энергия ресурстарына тәуелділікті азайтып, елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтады. АЭС энергетикалық инфрақұрылымын дамытудың ұзақмерзімді болашағын қамтамасыз етеді. Тіпті сутегі және басқа да жоғары технологиялық өнімдерді өндіруге пайдалануға болады. Оған қоса ядролық физика мен технология саласындағы зерттеулер мен инновациялардың серпілісіне жол ашады.
Қорыта айтқанда АЭС құрылысының ел дамуына жаңаша серпін берер тұстары көп. АЭС технологиялардың қауіпсіздігі мен артықшылығын жан-жақты талқылаған сала қызметкерлерінің пікірлері осыған саяды.