Енді жалған нөмірлі көліктер жаңа әдіспен анықталады

305
Мәселе «Қорғау Сергек» бағдарламасы жайында болып отыр, оның көмегімен жалған нөмірлі көліктер анықталып жатыр, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

«Жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланатын, көліктерге арнайы белгі беру құрылғыларын орнатқан көлік жүргізушілерін, сондай-ақ көлік құралдарын мас күйінде басқарған адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жалғасуда. Айтпақшы, өткен тәулікте ғана қала жолдарындағы «Қорғау Сергек» кешені жалған нөмір пайдаланған 11 жүргізушіні анықтады. Өткен тәулікте олар жалпы сомасы 12 миллион 680 теңгені құрайтын 790 құқық бұзушылық жасаған. Бұл көліктер ұсталып, арнайы айыппұл тұрағына орналастырылды»- деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.

Айыппұл салынғандар арасында – 1992 жылы туған А.есімді азамат бар. Жақында ол 92 рет жол қозғалысы ережесін бұзған. Айыппұл сомасы 1 миллион 541 мың теңгені құрады.

«Айта кетейік, «Қорғау Сергек» жүйесі 2021 жылдың қараша айынан бастап пилоттық режимде қолданылып келеді. Жалпы, жыл басынан бері жалған мемлекеттік нөмір пайдаланғаны үшін (ҚР ӘҚбК-нің 590-бабы 3,4 бөлігі) 171 жүргізуші ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктер айыппұл тұрағына орнатылды. Сонымен қатар, өткен тәулікте арнайы жарық-дыбыс және дауысты сигналдарды заңсыз пайдаланған екі көлік жүргізушілері ұсталды. Сондай-ақ, 7 мас жүргізуші көлікті басқарудан шеттетілді», - деді, полковник Саттаров.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.