Қызылордада жезөкшелікпен айналысқан үш ер адам ұсталды

492

Фото: Istock.com

Қызылорда облысының Полиция департаментімен жылдың 7-9 қыркүйек аралығында облыс көлемінде “Stop-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 Облыс аумағында атқарылған жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде адам саудасына байланысты 4 қылмыс тіркелсе, оның ішінде жезөкшелікпен айналысуға тартудың бір дерегі, сонымен қатар жеңгетайлықпен айналысудың үш дерегі анықталған.
 Рейдтік іс-шаралардың жүргізу нәтижесінде қоғамдық орында тиісудің 43 дерегі анықталып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 449-бабымен (Қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру) әкімшілік хаттамалар толтырылды. 
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабымен жезөкшелікпен айналысуға үй-жайды ұсынғаны үшін төрт азаматша анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында жеңгетайлықпен айналысқаны үшін бір адам және 10 адам жезөкшелікпен айналысқаны үшін есепке алынды. Жезөкше есебіне қойылғандардың үшеуі ер адам. Бұл бағытта жұмыстардың жүргізілуі өз жалғасын табуда.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.