"Назарбаев бата берген". Жезді кентінің болашағы неге кері кетті?
323
Жезқазғаннан 60 шақырым жердегі Жезді кенті өз заманында елдегі ең ірі кеніштері бар елді мекен болды. Бірақ егемендік алғаннан кейін аудан тарап, Ұлытауға біріктірілген. Енді бүгінде "елес қалаға" айналып отыр, - деп хабарлайды Экспресс К.
Жездіге тіпті 28 жыл бұрын Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев барып, батасын да берген.
Қазақстандағы ірі марганец кеніштері бар Жезді кентінің бүгінгі сиқы жайлы материалды "Сұрауы бар" бағдарламасы әзірледі. Репортажда 30 жылда тұрғын саны 5 есеге кеміген елді мекеннің "елес қалаға" айналғаны айтылады.
Тұрғындар Жездінің бүгінгі жетім күйін, Ұлытаудың төмен әлеуетін біліксіз менеджментпен байланыстырды. Жергілікті халықтың жаңа облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлына да кеңес-өсиеттері бар.

"Қарағанды облысы болып тұрғанда Жезқазған аймағына көңіл бөлінген жоқ. Әкімдер келсе аудан орталығына ғана соғып, кетіп қалатын. Халық шулайды. Жезқазған-Арқалық жолымен адам жүре алмайды, көрсең жылайсың. Қарағандыдан әрі қарай барыңыз — жол тақтайдай. Жезқазған жағы құдды бір Таулы Қарабақ секілді. Қазақша айтқанда "тоқалдан туған бала" болып қалғанбыз", — дейді тұрғындардың бірі Мұхамеджан Мырзабек.
Тұрғындар Жездінің бүгінгі жетім күйін, Ұлытаудың төмен әлеуетін біліксіз менеджментпен байланыстырды. Жергілікті халықтың жаңа облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлына да кеңес-өсиеттері бар.