Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінде зейнеткерді көлік қағып өлтірді

180

Фото: polisia.kz

Ақтөбеде жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан зейнеткерді көлік қағып өлтірді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy на сілтеме жасап

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 11 қыркүйекте сағат 11.00 шамасында болған.

«Б. Момышұлы даңғылының бойымен Орталық көшеден Мира көшесіне қарай келе жатқан Toyota Avensi көлігінің 59 жастағы жүргізушісі «Автогородок» аялдамасына қарама-қарсы бетте, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан жүргіншіге жол берместен, қағып өтіп кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 63 жастағы жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.


Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.