Шылым шеккені үшін 58 мың теңге айыппұл салынады

1 567

Фото: Ru.freepik.comҚазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлердегі ортақ мүлікті пайдалану және басқаруға қатысты жаңа талаптар бекітілді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Көпқабатты үйлердің кіреберісінде шылым шегіп, жеке заттарды қалдыруға тыйым салынды. Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлердің ортақ аумағында тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Енді кіреберісте шылым шегу, қоқыс тастау, қабырғаға жазу жазу — заңбұзушылық болып саналады. Дәлізге велосипед, баланың арбасы және өзге де жеке заттарды шығарып қоюға болмайды. Тиісті ережелер тұрғын үй қатынастарына қатысты заңнамамен бекітілген.

“Әкімшілік кодекстің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша қоғамдық ортада, подъезге қоқысын қойып қойса, бірінші ретте учаскелік инспектор ескертеді. Екінші жолы қайталанса, әкімшілік хаттама толтырылады. Самокат, велосипед, балалар арбасын қойып қояды. Бірінші жолға ескертеміз, егер ескерсе, айыппұл салынбайды”, – деді Алматы қаласы полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Әділбек Қозыбеков.

Көпқабатты үйдің дәлізінде шылым шеккені үшін – 58 000 теңге;

Қоқыс тастағаны үшін – 78000 теңге;

Қабырғаға сурет салып, жазу жазса – 197600 теңге айыппұл арқалайды;

Егер вандализм қайталанып немесе қасақана жасалғаны анықталса, 20 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Көпқабатты үйлерде түнгі 22:00-ден бастап таңғы 09:00-ге дейін тыныштық сақтау қажет. Көршілеріне артық дыбыспен кедергі келтіргендерге 19 660 теңге айыппұл салынады.