БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

155
Бүгін аудан орталығындағы спорттық сауықтыру кешенінде халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпазы, талантты боксшы Ерлан Нысанбаевты еске алуға арналған 2007-2008 жылы туылған бокстан жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турнир басталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов алғы сөз алып, аудан спортшыларының жеткен жетістіктерімен қатар бүгінгі ұйымдастырылып отырған спорттық шара туралы пікірін білдірді.

- Бүгінгі Нысанбаев Ерлан Бақытжанұлын еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир  биылғы жылы 8-ші рет ұйымдастырылып отыр.  
Бір қуантарлығы спорттық шараға еліміздің түкпір-түкпірінен және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елінен командалар қатысып,  өз кезегінде жарыстың ауқымының кеңейіп келе жатқандығын көрсетті. 
Толағай ұлдар туатын топырағы құтты мекенге Сіздердің құрмет тұтып келулеріңізді – елге құрмет деп білеміз. Сондықтан да бүгінгі байрақты бәсекеде шашасына шаң жұқтырмай озып шыққан өрендеріміз ертеңгі күні елдің абыройын қорғап, көк туымызды әлем алдында асқақтата желбіретеді деген сенімдеміз-деп, жарысқа қатысушы барша спортшыларға сәттілік тілеп,ізгі ниетін жеткізді.

Сонымен қатар ұйымдастырылған спорттық шараға  аудандық мәслихат хатшысы Әділ Үсенұлы және  бірқатар құрметті қонақтар мен ардагерлер шақырылды.

Жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирге  100-ден аса былғары қолғап шеберлері  қатысып, 14 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде.   

Турнир бойынша ақтық ойындар  11-12 қараша  күндеріне жоспарланып отыр.







OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.