ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНЕ «ОРЫНБАСАР» ШАҚ КЕЛМЕЙ МЕ?

1 147

Фото: Коллаж Opennews.kzҚызылорда қаласы әкімінің орынбасарлары қысқа уақытқа сайлануда, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желіде тәуелсіз журналист Үйтолған Жареке өзінің Facebook парақшасында қала әкімінің орынбасары қызметін небәрі үш ай уақыт атқарып, ауыс-түйіске ұшыраған  орынбасарды сынға алды.
Тәуелсіз журналист өз парақшасында: 


«Біздегі қазіргі тағайындаулар жасырын жасала беретін болыпты,иә? Шәменовтың орынбасары Руслан Нұрмағанбетов көп отырмады. Тіпті ештеңе істеп үлгерген жоқ, үндемей басқармаға кетіп қалыпты. Ол жерге неге тағайындалды? Жұмыс істемейтіні бар несін келді деймін ғой. Айналасы екі айда креслодан креслоға секіргесін не жұмыс болсын?
Оның орынына еркелеп жүріп Ғалымжан Еркебай да үнсіз қонжиыпты. Қашан келгенін жұрт білмей де қалды. Қармақшының әкіміне қатысты да күбір-сыбыр шыға бастады.»,- деген жазба қалдырған.


Естеріңізге сала кетсек, экс орынбасар 2022 жылдың 23 мамырдағы өкімімен Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Нұрмағанбетов Руслан Аймұрзаұлы тағайындалған болатын.
Қаланың құрылыс, сәулет және қалақұрылысы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, қоғамдық көлік, мемлекеттік сатып алу және тұрғын үй инспекциясы саласына жетекшілік еткен экс орынбасар, қазіргі таңда Облыстық энергетика басқармасының басшысы лауазымына тағайындалғаны белгілі болды. 
Әкім орынбасары қызметін небәрі 3 ай атқарған Руслан Аймырзаұлының қысқа уақытта жайлы креслодан ауысуына не себеп болды? Бұл жөнінде қала әкімінің баспасөз хатшысы:


«Ешқандай нәрсе түрткі болмады. Тіпті 10 күн лауазымда отырып та, ауыс-түйіс орын алуы әбден мүмкін. 1 аптадан астам уақыт болған ауысудың себебі жоқ. Қазіргі таңда Обдыстық энергетика басқармасының басшысы қызметін атқаруда. Бұл жоғарылау деп білер едім.», - дейді.


Ал, желі қолданушылары түрлі сыни пікірлер жазуда.


 «Тағайындаудан жалыққан соң жасырын жасай беретін болған шығар».
«Үндемей барып, біз де отырып алайықшы қонжиып. Кім отырмай жүрген креслолар»
«Біреуі де бірнәрсені қатырған жоқ! Баяғы жартас бір жартас!» деген пікірлер де бар. 


Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 27 тамызынан бастап қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған Ғалымжан Бақтығалиұлы сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы салаларына жетекшілік етеді екен.