Түнде ұйқы бұзғаны үшін: 2 BMW жүргізушісі 10 тәулікке қамалды

1 512

Фото; Видеодан кадрАстанада түнгі уақытта қала көшелерінде шу шығарып жүрген BMW маркалы автокөліктердің 20 жастағы екі жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Көліктердің бірі заңсыз қайта жабдықталған болып шықты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жас жігіттер түнде қала көшелерінде маневр жасау қағидаларын бұзып көлік жүргізген. Сонымен қатар жүргізушілердің бірі автокөліктің шығару жүйесінің құрылымын өзгертіп алған.

"Қозғалтқыштың қатты гүрілі түнгі уақытта тыныштық пен қоғамдық тәртіпті бұзып, елорда тұрғындарының мазасын алды", - деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Тәртіп сақшылары екі жүргізушіні де тоқтатты. Ер адамдарға қатысты автокөліктерді заңсыз қайта жабдықтағаны және маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көліктер коммуналдық тұраққа қойылды.

Жол қозғалысы ережелерін бұзудан бөлек, жүргізушілер ұсақ бұзақылық жасағаны үшін де жауапқа тартылды. Сот шешімімен олардың әрқайсысына 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Полиция автокөліктерді заңсыз қайта жабдықтауға тыйым салынғанын еске салды. Ведомство жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзбауға шақырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.