Қызылордада тұрғын үйден өрт шығып, екі адам жансақтау бөліміне түсті

332
Қызылорда қаласы, Кеңесары 93 мекен-жайында орналасқан уақытша тұрғын үйден өрт шығып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Оқиға барысында, тұрғын үй иесі 1977 жылы туылған азаматша Рустембекова жоғарыда аталған уақытша тұрғын үйін сатуға шығарған. Кезекті сатып алушымен үйді көрсету мақсатында  сіңілісі Шолпан Талғатқызы мен сатып алушы 1970 жылы туылған Сулейменов Алмат есімді азаматпен жолыққан. Сол уақытта уақытша тұрғын үйде табиғи газ жылыстауы пайда болып өрт шыққан. 


Оқиға бойынша, дененің күйіп қалу дәрежесі анықталып, 1970 жылғы Сулейменов Алмат пен 1991 жылы туған Омарова Шолпан ауыр күйде Қалалық аурухананың жансақтау бөліміне түсіп, дәрігерлердің бақылауына алынды.



Өрт 13:20-да оқшауланып, 13:28-де жойылды. Өрт сөндіруге Төтенше Жағдайлар Департаменті тарапынан  15 қызметкер және 3 техника бірлігі, ЦӘК 3 қызметкер және 1 техника бірлігі, БСМП 4 адам және 1 техника бірлігі, КРЭК 2 адам және 1  техника, ҚазТрансГазАймақ 3 адам және 1 техника  жұмылдырылғаны белгілі болды.