Алматыда 10 жастағы баланы «КамАЗ» қағып кетті

394

Алматы облысында 10 жастағы баланы «КамАЗ» қағып кетті, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін, 13 шілдеде сағат 10.00 шамасында Іле ауданына қарасты Жетіген ауылында болған. 

"Жол-көлік апаты Виноградная - Южная көшелерінің қиылысында болған. 10 жасар бала велосипед теуіп келе жатып, көше қиылысына жеткенде қоқыс жинап жүрген ауыр жүк көлігінің астына кіріп кеткен. Жеткіншек оқиға орнында көз жұмды. «КамАЗ» көлігін 62 жастағы ер адамның басқарғаны анықталды"- деді ПД өкілдері.

Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бабымен қылмыстық іс қозғалып, жүк көлігі тәркіленген және тиісті сараптама жүргізу үшін арнайы тұраққа орналастырылған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.