Алматыда 10 жастағы баланы «КамАЗ» қағып кетті
395
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматы облысында 10 жастағы баланы «КамАЗ» қағып кетті, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін, 13 шілдеде сағат 10.00 шамасында Іле ауданына қарасты Жетіген ауылында болған.
"Жол-көлік апаты Виноградная - Южная көшелерінің қиылысында болған. 10 жасар бала велосипед теуіп келе жатып, көше қиылысына жеткенде қоқыс жинап жүрген ауыр жүк көлігінің астына кіріп кеткен. Жеткіншек оқиға орнында көз жұмды. «КамАЗ» көлігін 62 жастағы ер адамның басқарғаны анықталды", - деді ПД өкілдері.
Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бабымен қылмыстық іс қозғалып, жүк көлігі тәркіленген және тиісті сараптама жүргізу үшін арнайы тұраққа орналастырылған.
Қаз
Рус






