Төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің ағасы ұсталды

856

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті пара берді деген күдікпен бес балалар спорт мектебінің директорларын ұстады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Ұсталғандардың арасында ауыр атлетикадан Әлем чемпионы Илья Ильиннің ағасы да бар.

Былтыр облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 6 миллион теңге пара алу кезінде Қызылорда қалалық прокуратурасына қарасты қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы Алихан Базарбаев ұсталған болатын. Тергеу 6 миллион теңгені өңірдегі бес балалар спорт мектебінің директорлары жинап бергенін анықтады. Олар ақшаны прокуратурадан мектептің жұмысы бойынша оң қорытынды алу үшін берген. Сот пара алған прокурор сотталып, пара берген бес директорды да қылмыстық жауапкершілікке тартуға үкім шығарды.

"Илья Ильиннің ағасы Алексей Ильин велосипед спорты бойынша олимпиадалық резервтің облыстық балаларға арналған мамандандырылған №3 мектептің директоры болып жұмыс істейді. 16 ақпанда барлық бес күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ертең сот оларға қатысты бұлтартпау шарасын қабылдау туралы шешім шығарады", — деп жазды өзінің  Telegram-каналына журналист Михаил Козачков.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.