Зейнетақы жинағындағы ақшаны пайдаланудың тағы бір тәсілі ұсынылды

583

Фото: М.ЗолотухинҚазақстанда зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қазақстандық компаниялардың акцияларын сатып алуға пайдалану ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz LS-ке сілтеме жасап. 

Мұндай ұсынысты миноритарлық акционерлер қауымдастығы (QAMS) жасады. 

"Қазақстандық компаниялардың акцияларын сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша заңнаманы өзгерту мүмкіндігін қарастыру қажет. Ол үшін АҚШ-тағы 401k шотына ұқсас мамандандырылған инвестициялық шотты пайдалануға болады. Бұл шара қазақстандықтарға шешім қабылдау кезінде БЖЗҚ-ға тәуелді болмауға, инвестицияларды өз бетінше жүзеге асыруға, сондай-ақ акционерлер жиналыстарында дауыс беру арқылы компанияны басқаруға қатысуға мүмкіндік береді",  – деп атап өтті QAMS.


Айта кетейік, елімізде зейнетақы жинақтары жеткіліктілік шегінен жоғары болса,  емделу, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалануға немесе басқарушы компанияларға беруге болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.