Кентау қаласының әкімі Дәурен мақажанов пара алды деген күдікпен қамауға алынды

366

Кентау қаласының әкімі Дәурен Мақажанов пара алды деген күдікпен Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бұл туралы Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап хабарлайды.


Фото: Ақорда пресс

«24 ақпанда Кентау қаласының әкімі Дәурен Мақажанов ұсталып, Алматыдағы УҰИ-ға орналастырылды. Ұстау барысын финпол («антикор») жүргізді. Ол пара алды деген күдікке ілінді», – деді агенттіктің дереккөзі.


Айта кетейік, Махажанов 2019 жылдың сәуір айынан бастап Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі қызметін атқарып келеді.