Әкімдік қызметкер хат қалдырып, өзіне қол жұмсамақ болған

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИСҚО-да әкімдік қызметкер хат қалдырып, өзіне қол жұмсамақ болған: Қылмыстық іс қозғалды  СҚО-да әкімдік қызметкері сірке қышқылын ішіп, өзіне қол жұмсамақ болды. Полиция қылмыстық іс қозғалғанын айтты, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Төтенше оқиға 3 қарашада болған. Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті осыған қатысты түсініктеме берді.

«Суицидке оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 3 қарашада аудандық ауруханаға улану белгілері бар 62 жастағы жергілікті тұрғын жеткізілді. Оқиға орнынан сірке қышқылы құйылған бөтелкелер мен хат алынды. Тергеу аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда», – деп жауап берді СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына.

Полиция өкілдерінің айтуынша, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.

Әйел Булаево қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта зардап шегушінің жағдайы ауыр.

Сонымен қатар, ауылдастарының айтуынша, бұл суыт қадамға әйелдің шипажайда тексеруден өту кезінде білген ауыр дерті себеп болуы мүмкін. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.