Бомба бар делінген Павлодар мектебінен 1 мыңнан астам оқушы эвакуацияланды

214

Фото: polisia.kzПавлодарда жарылғыш зат салынғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бүгін төтенше жағдай қызметіне «Академик Шөкин көшесі, 27 үй мекенжайында орналасқан Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде террористер бар» деген қоңырау түскен.
Оқиға орнынан 1048 оқушы мен 83 қызметкер эвакуацияланды. Жарылғыш зат табылған жоқ.


Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша іс қозғалған.


Еске сала кетейік, кеше де Павлодарда әлдекім «Катаев көшесіндегі 21-үйді жа рып жібереміз» деп хабарлаған болатын.
Ол «террористі» полиция қызметкерлері ұстаған.


Полиция терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын және 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.