ArtSport бағдарламасы бойынша балаларды экс-жезөкшелер жаттықтырған

106

Депутат Нартай Сәрсенғалиев "ArtSport" бағдарламасы бойынша еліміздің алты облысында балаларды бұрынғы жезөкшелер мен сутенерлар оқытқанын айтты, - деп хабарлайды"Opennews.kz" ақпарат агенттігі ИА "NewTimes.kz" порталына сілтеме жасап.



Оның айтуынша, жаттықтырушы бұрын жезөкшелер үйін ұйымдастырғаны үшін сотты болған. Мәжілісмен тіркелген 20 фактіні жариялады.

"Бұрынғы жезөкшелер мен сутенерлер балалармен қалай жұмыс істеп жүр? Мемлекеттік органдар қайда қарап отыр? Психологтар балалармен жұмыс жасады ма? Оларға өздерін бұрынғы қылмыскерлердің жаттықтырушы болғанын қалай түсіндіреміз", - деп сұрады депутат Бас прокуратурадан.


Бұған жауап ретінде ҚР Бас прокуратурасы қоғамдық мүддені қорғау қызметінің аға прокуроры Дулат Әшірбеков осыған жауапты білім саласындағы шенеуніктердің жұмыстан босатылғанын айтып жауап берді. Бұған қоса, жаттықтырушылардың да қызметтерінен кеткенін айтты. Алайда, аға прокурордың олар туралы тек бірнеше облыс бойынша ғана ақпараты бар екенін алға тартты. Ал басқалары бойынша нақтылауға уәде етті.


Әшірбековтың айтуынша, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында балалармен жұмыс істеген бұрынғы секс-жұмыскерлер фактілері тіркелген.


Өткен жылдың қыркүйегінде қалалық тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұлов Алматыда балалар спортына 2,5 миллиардтан астам қаржының заңсыз жұмсалғанын баяндаса, қала прокурорының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Рақышев "ArtSport" бағдарламасын тексере келе, бұл туралы Алматы прокуратурасы алты қылмыстық іс бойынша негіз тапқанын айтты.