"Сәл болғанда өліп қалар еді"

308

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушысы ойын алаңында ауыр жарақат алған, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 


Олег Аабтың сөзінше, қызының денсаулығы үшін арпалысып жүргеніне 2 жыл болған. 2020 жылдың жазында қыз серуенге шыққан. Бұл кезде жақын маңда жол апаты болған екен және оқиға орнын түссіз қармақ бауымен қоршап қойған. Велосипедпен жүрген оқушы бауды көрмей, мойнын қатты жарақаттап алыпты. Әкесінің айтуынша, сәл болмағанда ұйқы күретамырын кесіп алар еді дейді.


"Баланың қолы дірілдейді. Сөйлейтін кезде терең тыныс алуы керек. Ашуланса, абдырап қалады. Бұдан кейін болды. Қазір барлық кінәлілер жазасын алса деймін", - деді зардап шеккен қыздың әкесі Олег Ааб.


Аталған іс бойынша ешкім жазаға тартылмаған. Бастапқыда полицейлер іс қозғаудан бас тартқан, кейін тергеу мүлде тоқтатыпты. Ал балаға толық медициналық сараптама жасау керек. Амалы таусылған әке Nur Otan партиясының республикалық қоғамдық қабылдауына жазылған. Депутаттар бұл мәселені тыңдап, ведомстволарға өз ұсыныстарын білдірді.



"Мұнда міндетті түрде сотқа дейінгі тергеу жүргізу керек. Сонымен қатар тәуелсіз сараптама қажет. Іске қатысы барларға тиісті баға берілуі керек. Ал ең басты сұрақ, баланың жарақат алуына себепкер болған қармақ баудың байланып тұруына кім кінәлі?", - деді Сенат парламентінің депутаты Андрей Лукин.