Көрпеге оралған күйі табылған нәрестенің бүгінгі жағдайы қандай

444

Фото: pixabay.comНаурыз айының басында Қарағандының №15 ықшамауданында орналасқан үйдің кіреберісінен көрпеге оралған екі айлық қыз бала табылған еді. Баланың анасы әлі күнге дейін іздестіріліп жатыр. 

Нәрестені балалар үйіне алып кеткені белгілі болды. Сәби Қарағандының "Шапағат" балалар үйіне жеткізілген. Анасын және өзге де жақын туыстарын іздеу жұмыстары әлі жалғасуда. Егер олар табылмаса, сәбиге жаңа есім беріліп, туған күні бекітілетін болады. 

Әзірге бір ай бойы сәбиге есім берілмейді, ол уақытта полиция баланың ата-анасын іздейді. Содан кейін Қарағанды білім басқармасының қамқоршылық бөлімі сәбидің туу фактісін мойындау және

Қазақстан азаматы деп тану үшін сотқа жүгінеді. 
Қамқоршылық бөлімі өкілінің айтуынша, анасы баласын алып кеткісі келмесе, оны ешкім бұған мәжбүрлемейді. Ол ата-ана құқығынан айырылады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.