Футбол қақпасы құлап, 9 жасар бала ауыр жарақат алған

1 507

Фото:© Opennews.kz/ЖИАстанада 9 жасар баланың үстіне футбол қақпасының құлауы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға 10-шы тамыз күні Қазақстан футбол федерациясы орталығының аумағында болған. Астана қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жаттығу кезінде бала футбол қақпасына асылған, салдарынан конструкция оның үстіне құлаған. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

9 жасар баланың үстіне футбол қақпасының құлауы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жаттығу кезінде бала футбол қақпасына асылған, салдарынан конструкция оның үстіне құлаған. Бала жарақат алып, қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, - деп хабарлады Астана қаламсының ПД баспасөз қызметі. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.