Бишімбаев Салтанатты порнографиялық видеоға түсуге мәжбүрлеген

1 588

Фото: видеодан кадрАстанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп қамауға алынған еді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанованың айтуынша, Қуандық Бишімбаев үнемі ұйықтап жатқан Салтанат Нүкенованы оятып алып, порнографиялық видеоларды көрсетіп, "Видеодағы сен емес пе?" деп сұрап, қысым көрсеткен. 


Сондай-ақ Салтанаттың өзінен кетіп қалмауы үшін, қорқытып ұстап отыру үшін порнографиялық видео түсіруге мәжбүрлеген.


Прокурор сотталушының Салтанаттың артынан қалмай, оның көңілін өзіне аударып, соңынан үйленгенін айтты. Алайда дүркіретіп той жасағанымен, ерлі-зайыптылар заңды некеге тұрмаған. Тергеу мәліметіне сәйкес, Бишімбаев азаматтық некедегі әйелін ұрып-соғып, зорлық-зомбылық көрсеткен. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.