Бопсалаумен айналысқан жастар ұсталды

1 369

Фото: polisia.kzПолиция Шымкентте “Заң және тәртіп” қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған жедел іс-шаралар барысында ҰҚКД-мен бірлесіп прокуратураның үйлестіруімен маргиналды жастардың қылмыстық әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бірнеше мекенжайда тінту жүргізу нәтижесінде тәртіп сақшылары заңсыз әрекеттердің маңызды дәлелі болатыны көптеген айғақты заттарды анықтады.

Атыс қарулары мен суық қару, өзге автокөліктердің техпаспорттары, телефондар және есірткі құралы тәркіленді. Тергеу барысында топтың басқа да мүшелері анықталды. Олардың екеуі бұзақылық қылмысы бойынша, біреуі – заңсыз қару сақтағаны, тағы біреуі есірткі қылмысы бойынша күдіктілер. Ұсталғандардың барлығы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.