Қарағандыда кәсіпкерлер облыстың бас санитар дәрігерін сотқа берді

321
Қарағандылық кәсіпкерлер өңірдің бас санитар дәрігерін сотқа берді. Олар соттан шектеу шараларын күшейту туралы бұйрықты заңсыз деп тануды сұрауда.

Себебі, карантин күшейтілгенімен, облыста коронавирус жұқтырғандар саны артпаса, азаймай тұрғанын айтады. Ал шектеу шаралары азаматтардың конституциялық құқығын бұзады дейді олар. 

Өйткені елдің жүріп-тұруы, еркін еңбек етуі мен балалардың білім алуына кедергі жасалған.
 
Сондай-ақ кәсіпкерлер денсаулық сақтау саласындағы жауаптылардың коронавирусты жою әрі азаматтардың денсаулығын қорғау бағытында атқарған істерін де мардымсыз санап отыр. 

Олар шектеу шараларын бұзғандарға айыппұл салу жұмыссыз қалған жұртқа одан бетер ауыр түсіп жатқанын да атап өтті. 

Сондықтан бас санитар дәрігердің қаулысының күшін жоюды заң жүзінде сұраудан басқа амалы жоқтарын жеткізді. 

"Шенеуніктер бір жыл ішінде вирустың көзін жоюдың тәсілін таба алмады. Есесіне бәрін тұралатып тастады. Қашанғы қамалып отыра береміз? Шет елдердегі жағдайларға қарап біз де соны істейміз. Одан да шет мемлекеттермен шекараны жапсын да, ел ішіндегі індетті жойсын. Бизнеске кедергі болмасын. Қазір елдің әлсіреген экономикасын құтқаруды ойлау керек", - дейді заңгер Ирина Фурсова.