5 баласы тірідей өртенген ана сотталды

1 393

Фото: pixabay.comҚостанай облысынд бес баласы өртеніп кеткен ана сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қостанай облысы Жітіқара аудандық сотында ҚК 292-бабының 3-бөлігімен айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Еске салайық, Қостанай облысында 5 бала өртеніп кеткен еді. Балалардың анасы перзенттерін қараусыз қалдырдып, үлкен ұлына үйдің іші салқындаған жағдайда пеш жағу керегін айтқан. 

Ұлы пешке отын, көмір және тұрмыстық қоқыстарды жағып, пеш жанында белгісіз сұйықтықпен жатқан пластикалық бөтелкені отқа салады. Салдарынан пештегі от қатты жылдамдықпен жанып, үйдің іші өртене бастайды.  Өрт салдарынан бес бала қайтыс болды.  

5 баладан айырылған ана кінәсін мойындады. Прокурор сотталушыға шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

ҚК-нің 11-бабының 3-бөлігіне сәйкес жоғарыда аталған қылмыс абайсызда жасалған орташа ауыр қылмыстар санатына жатады. Сот әйелге 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады және ҚК-нің 74-бабының негізінде жас баланың болуына байланысты жазаны орындау кейінге қалдырды. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.