Мас ер адам лифтті сындырып, 1,5 млн теңге шығын келтірді

1 511

Фото:©Видеодан скринПолиция қызметкерлері тұрғын үй кешендерінің бірінде мас болып, лифтіні қасақана бүлдірген 34 жастағы ер адамды анықтады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Sadaq.kz сайтына сілтеме жасап.

Құқық бұзушы қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, алдымен бір, кейін екінші лифттің есіктерін күш қолданып сындырған. Ол есіктерді қолымен ашып, теуіп, жұдырықпен ұрып, нәтижесінде көтергіш жабдықтарды істен шығарған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құраған. Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция еске салады: бөтеннің мүлкіне қол сұғудың кез келген түрі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. Заң мен тәртіп – қоғамдық мүліктің қауіпсіздігі мен сақталуының негізі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.