Павлодарда жасөспірім қызды көлік қағып кетті

224

Павлодарда жасөспірім қызды көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 9 қарашада Лимонная көшесіне қарсы үйдің аумағында болған.

«Сағат 07.30-да «Volksvagen Passat» автокөлігінің жүргізушісі  2008 жылы туған қызды қағып кеткен. Жасөспірім жолдың реттелмейтін бөлігінен өтіп бара жатқан. Жол апаты салдарынан қыз бала жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада. 

Қазіргі кезде тексеріс жүргізіліп жатыр.

Облыстық жедел жәрдем станциясында зардап шеккен қыздың облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін хабарлады. Жарақаты ауры емес.

Жедел жәрдем көлігі алты минутта жеткен. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.