30-дан аса адамды полиция заңсыз қамауға алған

1 398

Фото: istockphoto.comЖыл басынан бері Шымкент қаласының полиция басқармаларының ғимаратынан 31 адам босатылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қала прокуратурасының мәліметінше, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қылмыстық қудалау органдары ғимаратындағы қызметтік бөлмелерде адамдарды жеткізудің 3 сағаттық мерзімін сақтау туралы Қылмыстық-процесстік кодекс талаптарының орындалуын тексерілген.


Жалпы прокурорлар осы жылдың 10 айында полиция ғимараттарында заңсыз ұсталған 31 адамды (оның ішінде Қаратау ауданында – 9, Тұран ауданында – 8, Әл-Фараби ауданында – 7, Абай ауданында – 5, Еңбекші ауданында – 2) босатқан. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша лауазымды 27 адам тәртіптік жазаға тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.