Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкілмен кездесу өтті

109
 Бүгін облыс прокуроры Н.Бижанов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі (Бизнес-омбудсмен) Р.М.Жүрсінов және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Е.Л. Өстеміровпен кездесті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде облыс прокуроры Н.Бижанов кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау бағытында Мемлекет басшысымен қойылған талаптарды және Бас прокуратураның 
тапсырмаларының орындалу барысын таныстырды.

Облыс прокуратурасы органдарымен кәсіпкерлік ортада жүйелі мәселелерді анықтау және шешу мақсатында Кәсіпкерлер палатасымен жол картасы бекітіліп, қала, аудандарға шығу арқылы бизнес өкілдерімен үнемі кездесулер өтіп және «Заң керуені» акциясы шеңберінде ауыл кәсіпкерлеріне құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.


Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін облыс көлемінде құрылған мобильді топтар тәулік бойы жұмыс жасауда (100 сигнал түсіп, оның 23-і шағымы өз дәлелін тауып, қадағалау актісімен бұзушылықтардың жолы кесілді).
Биылдың өзінде 60 прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, 1 600 кәсіпкердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. 110 құқықтық актілердің күші жойылып, 57 кінәлі тұлға түрлі жауаптылыққа тартылды.


Сонымен қатар бизнес субъектілерін қылмыс орбитасына негізсіз тартуды болдырмау мақсатында нақты шаралар қолданылуда.


Бас Прокурормен қабылданған Нұсқаудан кейін кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық істердің тіркелуі қатаңдатылғанын және кәсі
пкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы прокурорлық қадағалау жұмыстары ерекше бақылауда екенін жеткізді.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкіл прокуратура органдарымен бірлесіп тиімді жұмыстардың жасалып жатқанын атап өтіп, өндірістік аймақтың жерлерін пайдалану және салықтандыру мәселесіне қатысты облыстың кәсіпкерлер палатасымен бірлескен шаралар қолдануды ұсынды. 

Кездесу соңында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған облыс прокуратурасы мен кәсіпкерлер палатасының арасындағы ынтымақтастықты іске асыру жөніндегі 2023 жылға арналған өңірлік жоспар бекітілді.
 
Қызылорда облысының прокуратурасы