Яндекс Go істен шыққаннан кейін бағаны 3 есе өсірген: inDrive-ке ескерту жасады

1 511

Фото: Opennews.kz ЖИБәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі inDrive сервисіне бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін және клиенттердің құқығын шектеуге әкелуі мүмкін әрекеттерге жол бермеу туралы алдын ала ескерту жолдады, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Агенттік хабарлап отырғандай, бірнеше күн бұрын, 11 қазанда «Яндекс Go» сервисі «құдап» қалған.

«Халық такси шақыруға арналған балама платформаларға жаппай ауысқан кезде inDrive қызметіне сұраныс айтарлықтай артты. БАҚ мәліметінше, жекелеген жағдайларда сапар құны үш есеге жуық өскен», - деп хабарлайды агенттік.

Негізінде, агенттіктің мамандары анықтағандай, inDrive сервисінің жұмыс істеу ерекшелігін ескере отырып, сапар құны жолаушы мен жүргізуші арасындағы келісім бойынша белгіленеді. Бос автокөліктердің тапшылығы жүргізушілер ұсынатын тарифтердің едәуір өсуіне алып келді.

«inDrive компаниясының БАҚ-та таратқан ақпаратына сәйкес, жағдайды тұрақтандыру мақсатында сервис комиссияны міндетті салықтарды жабуға жеткілікті ең төменгі деңгейге дейін төмендетіп, сондай-ақ баға бойынша саудаласудың шекті ауқымына қатысты шектеулер енгізген», - деп хабарлайды агенттік.

Осы ретте Бәсекелестікті қорғау агенттігі Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабын еске алып, ескерту жасаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.