Мешіттен 175 мың теңгелік аяқ киімді ұрлап кеткен күдікті ұсталды

1 513

Фото: ©Видео скринАстанада мешіттен аяқ киім ұрлап жүрген ер адамның әрекеті бейнебақылауға түсіп, әлеуметтік желіде тарады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Baribar.kz сайтына сілтеме жасап.(Видео)

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 34 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің тиісті бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас басқа да құқықбұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қажетті сараптамалар тағайындалып, дәлелдемелер жиналуда. Полиция департаменті азаматтарға қоғамдық орындарда сақ болуды, жеке мүліктеріне мұқият қарауды және күмәнді жағдайлар туындаған кезде дереу құқық қорғау органдарына хабарласуды ескертеді.

Тергеу барысында оның мешітке келіп, аяқ киім сөресінен құны 175 мың теңге тұратын кроссовканы киіп кеткені анықталды. Ол өзіне тиесілі ескі аяқ киімді сол жерде қалдырып, жаңа кроссовкамен еш кедергісіз шығып кеткен. Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің жеке басын анықтап, оны қысқа мерзімде ұстаған. Ұрланған аяқ киім иесіне қайтарылды, - делінген хабарламада.