Бұйрық күшіне енді: Қазақстанда темекі қымбаттады

2 434

фото: pixabay.comЕлімізде темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы 12,1 пайызға өсіп, 920 теңгеге жетті, - деп хабарлайды хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 "Сүзгісі бар, сүзгісіз темекіге, папиросқа, сигарилаға және қыздырылатын темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу туралы" бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Бұйрыққа сәйкес, 20 дана сүзгісі бар, сүзгісіз темекіге, папиросқа, сигариллаға және қыздырылатын темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасы келесідей:

920 теңге – 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда (бұған дейінгі баға – 820 теңге);

 970 теңге – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап (бұрын – 870 теңге).

Бұйрық 2025 жылғы 1 шілде де күшіне енді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.