Қызылордада қайтарымсыз грант «әперушілер» азаймай тұр
583
Қызылордада қайтарымсыз грант алушылар саны белгілі болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік грант – нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту болып табылатын өтеусіз берілген бастапқы капитал.
Бірнеше жыл бұрын елімізде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» бағдарламасы, кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы «Бизнестің жол картасы» бағдарламалары ашылған болатын. Барша ашылған жобалардың түпкі мақсаты жұмыссыздықты жою мен табысты жандардың қатарын көбейту. Алайда осы бағдарламалардың бірегейі «Қайтарымсыз грант», яғни «Бизнес Бастау» бағдарламасына республика бойынша өтініш берушілер саны да артып отырғандығы жасырын емес.
Біздің өңірімізде жеке кәсіп ашқысы келетін жандар да аз емес. Соның ішінде бағдарламаға ұсынылып отырған жобалардың басым көпшілігі мал және құс шаруашылығы, сән салоны мен кондитерлік өнімдер, тігін цехтары болып отыр.
Мемлекеттік грант 400 АЕК, яғни 1 225 200 теңге мөлшерінде. Республикадан қаламызға 2022 жылға 814 азаматқа грант беру қарастырылған. Ал, үстіміздегі жылы қала тұрғындарынан 3 917 адам грантқа өтініш берген. Демек, бұл республика тарапынан берілген грант есебінен 4,5 есе көп.
Ең қызығы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қызметкерлерінің атын жамылып алаяқтық жолмен ақша табатын азаматтар көбейген. Осы ретте, қайтарымсыз мемлекеттік грант алып беру, «Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздерінде оқытатын курстарға ақылы түрде азаматтарды тіркеу фактілері де жиілеген. Тіпті, бастапқы Еnbek Skills бағдарламасына қатысып, арнайы кәсіпкерлік білімді сіз үшін оқып, сертификатын ақыға алып беремін деушілер де табылды.
Одан әрі Еnbek Business сайтын жүргізіп, сізді комиссия қабылдауына кіргізіп, тіпті «Грант» алып беремін деп ант су ішушілер әрбір қатысушыдан 50 000 - 350 000 теңге көлемінде қаржы алған.
Шындығында мүмкіндігі шектеулі, жұмыссыз, көпбалалы сынды халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін басы артық қаржысы жоқ қала тұрғындары үшін ең тиімдісі – «Бастау Бизнес» жобасы.
Осы орайда 2 - топ мүгедектігі бар қала тұрғыны «Бастау Бизнес» жобасы бойынша өтінім беріп, 2- 3 лектен грантқа мақұлданбаса да күдерін үзбеген жанның бірі
Жобасы мақұлданбаған жандардың басым көпшілігінде дайын «Бизнес-жоспарды» қайталама түрінде келген. Яғни, бір жоспарды 20-дан астам қатысушы ұсынған.
Кез келген істе жауапкершілік болмаса, түпкі нәтиже көрінбейтіні анық. Осы орайда, Грант алған азаматтар бизнес жобасында көрсетілген қажетті құрал-жабдықты сатып алғанын дәлелдеуі тиіс. Олай етпесе қаржыны кері қайтаруы керек.

Қала тұрғындары тарапынан мемлекеттік грантты алып беремін деп, «Қалалық жұмыспен қамту орталығы мекемесі» қызметкерінің атын жамылып, алаяқтықпен айналысып жүрген деректер орын алуда. Осы орайда грантқа өтінім беруші жандардың берген арыз-шағымына сәйкес құзырлы органға тиісті хабарлама беріліп, бүгінде тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Енді бір қылмыстық іс сотта қаралу үстінде, - дейді Қалалық жұмыспен қамту орталығы мекемесінің директоры Тулегенов Жақсылық.
Шындығында мүмкіндігі шектеулі, жұмыссыз, көпбалалы сынды халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін басы артық қаржысы жоқ қала тұрғындары үшін ең тиімдісі – «Бастау Бизнес» жобасы.
Осы орайда 2 - топ мүгедектігі бар қала тұрғыны «Бастау Бизнес» жобасы бойынша өтінім беріп, 2- 3 лектен грантқа мақұлданбаса да күдерін үзбеген жанның бірі
Мен Абатова Айгүл осал топ бойынша грантқа өтінім бердім. Жұрттың ақша беріп өтесің деген қаңқу сөздеріне сенбеңіздер. Мен өз еңбегіммен жеңіске жеттім. Сағым сынса да бағым жанып, 4-ші лектен жобам мақұлданды ,- дейді Айгүл.
Жобасы мақұлданбаған жандардың басым көпшілігінде дайын «Бизнес-жоспарды» қайталама түрінде келген. Яғни, бір жоспарды 20-дан астам қатысушы ұсынған.
Комиссия әрдайым әділ шешімін жүргізеді. Түрлі жағдайлар орын алуда. Тіпті жоспарда басқа аты-жөн берілген, енді бірінде мүлдем басқа жобаны қорғап отырады,- дейді комиссия мүшесі.